маған қатысты кез келген ақпаратты, оның ішінде жеке деректерімді (биометриялық деректерді қоса), электронды, қағаз және (немесе) басқа материалдық тасымалдағыштарда тіркелген, сондай-ақ болашақта оларға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды (бұдан әрі –
Жеке деректер) жинау және өңдеу.
*Жеке деректерге кіруі мүмкін (бірақ олармен шектелмейтін) мәліметтер:а)
дұрыс сәйкестендіруге қажет мәліметтер – тегі, аты, әкесінің аты; азаматтығы; жеке басын куәландыратын құжат деректері; жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН); туған күні мен мәліметтері; ұлты; жынысы; фотосы; қолтаңбасы; биометриялық деректері және т.б.
б)
отбасы және әлеуметтік жағдайы туралы мәліметтер – неке куәлігі деректері; жұбайының аты-жөні, туған күні, жұмыс орны; басқа отбасы мүшелерінің бар-жоғы (ата-аналары, бауырлары, балалары және т.б., (қажет болған жағдайда) олардың аты-жөні, туған күні, жұмыс немесе оқу орны), т.б. мәліметтері.
в)
байланыс мәліметтері –
тіркелген жері, нақты тұратын мекенжайы; телефон нөмірлері (үйдің, ұялы); электрондық пошта адресі, мекенжай анықтамасындағы ақпарат және т.б.
г)
білімі, кәсіби қызметі, іскерлік беделі туралы мәліметтер – білімі, мамандық мамандығы, біліктілігі (біліктілікті арттыруды қоса алғанда), диплом, білім туралы куәлік нөмірі, берілген күні, оқу орнының атауы және мекенжайы; бұрынғы жұмыс орындары, қызмет атқарған лауазымдары; компаниялардың атаулары мен мекенжайлары, жұмыс өтілі, жұмысқа қабылдану және босату мерзімдері мен себептері; ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы; тілдерді меңгеру деңгейі; кәсіби палаталарға/ұйымдарға мүшелігі; лицензиялары, патенттері, сертификаттары туралы мәліметтер және т.б.
д)
әскери есепке алу туралы мәліметтер,
денсаулық жағдайы туралы мәлімет.е)
Компанияға қажет басқа да мәліметтер – еңбек қатынастарын іске асыру, соның ішінде, сауалнамалар, бланкілер және құжаттарды (қағаз және электронды тасымалдағыштағы) толтыру, бұйрықтар және өкімдер шығару, жеке істердің және Компанияның басқа құжаттамасын қалыптастыруға қажетті мәліметтер.
сондай-ақ - жоғарыда көрсетілген деректердің өзгертілгені және (немесе) толықтырылғаны туралы ақпарат.
2) Компанияның менің Дербес деректерімді Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін кез келген әдіспен жинауға және өңдеуге құқығы бар екеніне келісемін. Компаниямен еңбек құқықтық қатынастарымен байланысты, бірақ онымен шектеліп қоймай, құқықтық қатынастар туындаған жағдайда, оған қоса, бірақ онымен шектеліп қоймай: ҚР қолданыстағы Заңнамасына сәйкес, Компания Дербес деректерді үшінші тұлғаларға, соның ішінде Компанияның қызметін тексеретін мемлекеттік органдар мен мекемелерінің уәкілетті тұлғаларына; Компанияда аудит өткізетін тұлғаларға; Компанияның уәкілетті тұлғаларына (еңбек қызметі аясында); Компанияның серіктестеріне, дилерлеріне, дистрибьюторларына, агенттеріне және т.б. (Компанияның коммерциялық және өнідірістік қызметі аясында); бұқаралық ақпарат құралдарына; жарнама акцияларын ұйымдастырушыларына; телефон/пошта байланысы қызметтерін ұсынушы операторларға; Компанияның ісіне сүйемелдеу және қызмет көрсету атқаратын үшінші тұлғаларына Компания Дербес деректерді (тарату және қол жеткізу) қажетті көлемде таратуына келісемін;
3) Компанияның Дербес деректерге қолжетімділік шарттарын өз бетінше анықтауына;
4) Компанияның Дербес деректерді Қазақстан Республикасының қолданыстағы Заңнамасымен және Компанияның ішкі нормативтік құжаттарымен белгіленген мерзімде кез келген тасымалдағышта сақтауына;
5) Компанияның Дербес деректерді ҚР қолданыстағы Заңнамасының талаптарына сай, Компанияның деректерді жинаудағы мәлімделген мақтасынан тыс таралуына;
6) Дербес деректерді трансшекаралық тасымалдауға;
7) Компанияның деректерді өз міндеттемелерін орындау мақсатында жинау және өңдеу әрекеттері.
8) Компанияның Дербес деректерді жинауы және өңдеуі туралы мені алдын ала хабардар етпеуіне келісемін.
Келісімді растай отырып: Үш жұмыс күнінен кешіктірмей, Дербес деректерімде орын алған кез келген өзгерістер мен толықтырулар туралы Компанияны құжаттық дәлелдермен хабардар етуге, сондай-ақ Келісімді қайтарып алмауға және Дербес деректерді Қазақстан Республикасы Заңнамасымен белгіленген мерзім ішінде жою туралы талап қоймауға міндеттенемін.
Келісім белгісіз мерзім (мерзімсіз) аралығында әрекет ететінін және Компаниямен барлық қазіргі және (немесе) болашақта орын алатын кез келген қарым-қатынастарға Келісімді ұсыну арқылы қатысты екенін растаймын.
Менің Дербес деректеріме қол жеткізген Компания мен тұлғалар олардың құпиялылығын ҚР қолданыстағы Заңнамасына сәйкес қамтамасыз етіп жатқаны туралы хабардармын.
Мен осы Келісімнің мәтінін оқыдым, толықтырулар, ескертулер мен қарсылықтарым жоқ, https://bigdatakz.com платформасында жеке кабинетке тіркелу арқылы оның заңды күшін растаймын.